Алматы облысында 4 адамды қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

0
74

Жол апаты салдарынан 16 жастағы қыз аудандық ауруханаға жеткізілді.


Алматы облысында 4 адамды қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

ERNUR.KZ. Есік қаласында BMW көлігінің жүргізушісі төрт адамды қағып, қашып кеткен, деп жазады kaz.inform.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше,14 қарашада жеңіл автокөлік жүргізушісі Есік қаласы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатып, төрт жаяу жүргіншіні қағып, кейін апат орнынан қашып кеткен.

Жол апаты салдарынан 16 жастағы қыз аудандық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай 15 қараша күні таңертең ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Жол-көлік апаты бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде BMW-320I автокөлігін басқарған 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлады ведомстводан.

Өңір полициясы жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.