Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Өскемен қаласындағы мектеп есепшілері 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілікті, деп жазады inbusiness.kz.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Өскемендегі мектептің 2 есепшісіне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының екі есепшісі алдын ала сөз байласып 120 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілікті", - деп хабарлады Антикордан.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, есепшілер бес жыл бойы өз шоттарына жоғарылатылған жалақы мен басқа да төлемдерді аударып отырған