Алдын ала дерекке сәйкес, отбасы мүшелері бірнеше күн бұрын қайтыс болған.
ERNUR.KZ. Мамандар отбасының неден көз жұмғанын анықтап жатыр. Алматы облысында 2 ересек пен 2 бала қайтыс болды, деп жазады Inbusiness.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, қайғылы оқиға Талдықорған қаласынан 7 шақырым жерде орналасқан Еңбек ауылында болған. Олардың нақты неден көз жұмғаны белгісіз. Отбасы мүшелерінің денесін ауыл тұрғындары тапқан.
"2022 жылғы 2 ақпанда полиция Еңбек ауылында төрт адамның денесін тапты. Оның екеуі. Барлығы бір отбасынан", - деп жазылған хабарламада.
ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев алдын ала дерекке сәйкес, отбасы мүшелері бірнеше күн бұрын қайтыс болғанын айтты. Олардың денесі сараптамаға жіберілген.