Алматы облысында екі бала ақылы көлде суға батып кетті

0
306

Екі жылдың ішінде бұл су қоймасында төрт адам қаза тапқан.


Алматы облысында екі бала ақылы көлде суға батып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы ауылда екі бала жергілікті тоғанға батып кетті. Тұрғындар жалға алушының қауіпсіздікті қадағаламайтынын айтты. Кәсіпкердің өзі тағылған айыппен келіспейді. Сөзінше, тұрғындар жағалаудағы ескерту белгілеріне қарамайды, деп жазады stan.kz.

Жанна Әбдірахманова 20 жылдан астам отбасымен осында тұрады. Бұл уақыт аралығында жергілікті су қоймасы жеке меншікте болған.

“Суға түскені үшін ақша алады. Кіру – 1000 теңге, жаяу жүргіншілер үшін – 200. Кімнен 200, кімнен 500 алатынын қарау керек қой. Ақыны алғаны біртүрлі. Ақша алады, бірақ жауапкершілік жоқ”, – деді тұрғын Жанна Әбдірахманова.

Қазір судың бойында ескерту белгілері бар. Алайда екі қайғылы оқиғаға дейін олар болған жоқ, деп шағымданады халық.

“Ескерту белгілерін енді іліп қойды. Бұған дейін олар болған жоқ. Енді белгілер іліп, QR пайда болды”, – деді Лариса Балабаева.

Балалар мерт болғаннан кейін жергілікті тұрғындар қатты алаңдады. Олар жалға алушыны судағы жағдайды бақылауын талап етті. Бірақ кәсіпкер мұны істеуге міндетті емес деп санайды.

“Бұл – ата-ананың кінәсі. Онда "Жүзуге тыйым салынады" деп жазылған. Ата-аналар маған қарсы арыз жазбады. Олар неге жазбады? Өйткені өздерінің кінәсін біледі. Балаларына лайықты тәрбие бермеген. Өздері балаларына қарамаған”, – деді кәсіпкер.

Бірақ жергілікті билік өкілдері мұндай мәлімдемемен келіспейді. Әкімдік қауіпсіздік шараларын күшейтуді бірнеше рет сұрағанымен, одан еш нәтиже шықпады.

“Әрине, ол үшін жауапкершілік бар. Шахворостовқа қауіпсіздікті қамтамасыщз ету туралы бірнеше рет айтылған, күзетшілерді де кіргізсін дедік. Бұл факті бойынша Шахворостовқа қатысты шара қолданылады. Сонымен қатар тиісті шара қолдану үшін коммуналдық кәсіпорын басшысына хабарлаймыз”, – деді Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Азамат Жиенбаев.

Екі жылдың ішінде бұл су қоймасында төрт адам қаза тапқан. Құтқарушылар тұрғындарды арнайы белгіленген жерлерде ғана суға түсуге шақырады.