Алматы облысында ер адамды таудағы өзен суы ағызып әкетті

0
617

Ер адам өзен жағасына отбасымен және достарымен демалуға барған.


Алматы облысында ер адамды таудағы өзен суы ағызып әкетті

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында болды. 63 жастағы ер адам Қаскелең тау өзенінің ағына төтеп бере алмай, суға батып кетті, деп жазады zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі ер адамның өзен жағасына отбасымен және достарымен демалуға барғанын айтты.

"Ол аздап жүзбек болып суға түскен, бірақ таулы өзеннің ағысы оны ағызып әкетті. Республикалық жедел құтқару жасағы жедел тобы ер адамның мәйітін оқиға болған жерден бір шақырым жерде тауып алып, полицияға тапсырды", - делінген хабарламада.