Алматы облысында Forbes тізіміндегі кәсіпкердің жері мемлекетке қайтарылды

0
302

Жыл басынан бері жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнесмендерге тиесілі 26,8 мың гектар жер, кадастрлық құны 714 миллион теңге мемлекет пайдасына қайтарылғаны айтылды.


Алматы облысында Forbes тізіміндегі кәсіпкердің жері мемлекетке қайтарылды

ERNUR.KZ. Алматы облысының прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы Forbes тізіміндегі белгілі кәсіпкерге заңсыз берілген 3500 гектар жайылымдық жерді қайтарды, деп жазады tengrinews.kz.

"Алматы облысының прокуратурасы ел басшылығының тапсырмасын орындау шеңберінде Еңбекшіқазақ ауданындағы 3500 гектар жерді қайтарып берді, 2017 жылы Forbes тізіміндегі белгілі кәсіпкерге оларды шалғайдағы (маусымдық) мал шаруашылығына арналған жерлер құрамынан шығару жолымен заңсыз берілген.
Қазіргі уақытта үшінші тұлғаларға жерді қайта беру фактілерін болдырмау мақсатында аталған жерлерді жергілікті тұрғындар үшін қоғамдық жайылымдарға беру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнесмендерге тиесілі 26,8 мың гектар жер, кадастрлық құны 714 миллион теңге мемлекет пайдасына қайтарылғаны айтылды.

"Бұл жерлер жылдар бойы мақсатына сай пайдаланылмаған, жемшөп дақылдарын өсіру жүзеге асырылмаған, осы шаруашылықтардың балансында ауылшаруашылық жануарлары да болмаған.
Қоса айтқанда, басқа адал фермерлер егістік және жайылымдық жерлерге өте мұқтаж болған", - делінген хабарламада.