Алматы облысында психикалық ауытқуы бар ер адам екі оқушы қызды дәретханада зорламақ болған

0
730

Полицейлер 31 жастағы ер адамды ұстады.


Алматы облысында психикалық ауытқуы бар ер адам екі оқушы қызды дәретханада зорламақ болған

ERNUR.KZ. Алматы облысында психикалық бұзылысы бар ер адам екі оқушы қызға тап беріп, тиіспек болған. Қыздар қаскөйдің қолынан сытылып үлгерген. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, екі дерек бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлігі, 120-бабы, 3-2-бөлігі, яғни "Зорлауға оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

9 шілдеде полицейлерге кәмелетке толмаған екі қыздың ата-анасы атынан арыз түсті.

«Арызданушылар Шонжы ауылының қоғамдық дәретханаларының бірінде қыздарына (екеуі де 17 жаста) тап беріп, зорламақ болған белгісіз ер адамға қатысты шара қолдануды талап етті», - делінген хабарламада.

Полицейлер 31 жастағы ер адамды ұстады.

«Оның психикалық дамуы тежелген, мүгедектігі бар және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады», - деп хабарлады ведомстводан.

Түпкілікті процессуальдық шешім факті бойынша тағайындалған арнайы психиатриялық сараптаманың қорытындысына сай қабылданатын болады.