Алматы облысында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан екі ауылды су басты

0
450

Құрбандар, зардап шеккендер мен қираулар жоқ, ауданда жағдай тұрақты.


Алматы облысында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан екі ауылды су басты

ERNUR.KZ. Оқиға орнына Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аттанды, деп жазады zakon.kz.

Алматы облысында толассыз жауған жауын салдарынан Кербұлақ өңіріндегі екі елді мекенді су басты.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Байғазы өзенінде су деңгейі көтерілген. Өзен арнасынан шығып, аттас елді мекеннің бір көшесін су басты.

Ауыл тұрғындарының бау-бақшасы мен жартылай тұрғын үй құрылысының аулаларын су басқан. Сондай-ақ, жауын-шашын салдарынан Қоғалы ауылында еңіс ағыны қалыптасып, үш көше мен бір үйдің ауласын су басқан. Сағат 18:00-де жауын-шашын тоқтады, су деңгейі төмендеді.Алматы облысының ТЖД

Құрбандар, зардап шеккендер мен қираулар жоқ, ауданда жағдай тұрақты. Оқиға орнына Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аттанды.