Алматы облысының тұрғындары қаладағы жұмысына бара ала ма?

0
882

Алматы әкімінің орынбасары компанияларға өз қызметкерлері үшін қаладан уақытша тұрғын үй іздестіруді ұсынды.


Алматы облысының тұрғындары қаладағы жұмысына бара ала ма?

ERNUR.KZ. Карантин кезінде Алматы облысынан Алматыға келіп жұмыс істейтін азаматтарға қалаға кіруге тыйым салынады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Тұяқбаевтың айтуынша, қалаға кіруге тыйым салынбаса, карантиннің мәні кетеді. Сондай-ақ, компанияларға өз қызметкерлері үшін қала ішінде уақытша тұрғын үй іздестіруді ұсынды.

"Күн сайын жарты миллионға жуық адам облыстан қалаға жұмысқа келеді. Біз үй-жай табуға көмек көрсете аламыз. Қазір барлық қонақ үй, жатақхана, хостель бос тұр. Бұл карантин кезінде қалаға көшуге жақсы мүмкіндік. Немесе қызметкерлерді ақылы демалысқа шығарып, болмаса қашықтан жұмыс істеуге көшіруге болады", - деді ол брифингте.

Сонымен қатар әкім орынбасары қалаға тауар кіргізу мәселесіне тоқталып, "Жасыл дәліздің" жұмысы туралы айтып өтті.
"Кәсіпкерлер өндірушілер өз тауарларын қалаға қалай кіргізеді және қала өндірушілері тауарды қала сыртына қалай шығарады деген сауал қойып жатыр. Бұлм әселе бойынша "жасыл дәліз" енгізілді. Яғни, қаланың ішінде болсын, сыртында болсын, ешқандай мәселе жоқ. Барлығына рұқсат беріледі. Әрине, арнайы талаптар сақталады",- деп түсіндірді ол.
Тұяқбаевтың айтуынша, қызметкерлердің бір бөлігі облыста тұратын жағдайда ол азаматтарға арнайы рұқсат болмайды.
"Сол себепті қазірден бастап түнгі он екіге дейін шешім шығару керек. Он екіден бастап шекарадан өтуге болмайды",- деп түйіндеді ол.