Алматы тауларында сел қаупінің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды

0
607


Алматы тауларында сел қаупінің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды

ERNUR.KZ. Бүгін және ертең Алматы тауларында сел қаупі жоғары. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпау керектігін ескертті, деп жазады inform.kz.

31 шілде мен 1 тамыз аралығында жаңбыр жауып, ауа температурасының көтерілуіне байланысты, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Алматы қаласында және оған іргелес таулы аймақта су тасықыны болуы мүмкін.

«Тау өзендері бойынша гидрометеорологиялық ақпаратқа сәйкес, 31 шілдедегі жаңбыр генезисінің сел қаупінің күнделікті бюллетенінен Іле Алатау тауларында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты сел қаупінің «қызғылт сары деңгейі» жарияланды», - деп ескертті департамент өкілдері.

Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың күшейтілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

Сел қаупі бар жерде не істеу керек:
- таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;
- егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
- сел қаупі бар каналдардың жанында, көпірлерде (бөгеттерде) және олардың астында шатыр тікпеу, аялдамау.