Алматы ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру тендерін қытайлық консорциум жеңіп алды

0
416

«Самұрық-Қазына» жобаны қаржыландыруға қатысады.


Алматы ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру тендерін қытайлық консорциум жеңіп алды

ERNUR.KZ. Алматы ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру тендерін қытайлық консорциум жеңіп алды. Ашық халықаралық тендер былтыр қазанда жарияланды. Ол Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) талаптары бойынша екі кезеңнен өткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Самұрық-Қазына» жобаны қаржыландыруға қатысады.

Түрлі елдердің компанияларынан алты өтінім түскен. Үш Қытай компаниясының консорциумдары жеңімпаз болды: Dongfang Electric International Corporation, Powerchina Sepco1 Electric Power Construction Co., Ltd және Powerchina Hebei Electric Power Engineering Co., Ltd.

Біріншісі – ірі өндіріс жабдықтарын шығарады, екіншісінің ЕРС жағдайында жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар, үшіншісі – жобалауға маманданған. ЕҚДБ жеңімпазды бекітті, конкурс банктың ережесіне сәйкес өтті деп саналады.
Бүгін ЖЭО-2-де қытайлық EPC консорциумымен шартқа қол қою рәсімі өтеді.


«Ол барлық жұмыстарды орындайды: жобалау, жабдықтар жеткізу, құрылыс-монтаждау және іске қосу жұмыстары, пайдалануға беру. Шараға «Самұрық-Қазына» атқарушы директоры Ернат Бердіғұлов қатысты», - делінген хабарламада.