Алматыда 10 жастағы бала дәретхана шұңқырына құлап кеткен қызды құтқарып қалды

0
474

Төртінші сынып оқушысы дәретхана шұңқырына түсіп кеткен 3 жасар қызды құтқарып қалды.


Алматыда 10 жастағы бала дәретхана шұңқырына құлап кеткен қызды құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Оқиға Көкдала ықшамауданында болған, деп жазады exk.kz.

Куәгердің айтуынша оқиға жеке үйлердің бірінде болған. Аулада ойнап жүрген бір топ баланың ішінен 3 жастағы бүлдіршін тереңдігі 3 метр болатын әжетханананың шұңқырына құлап кеткен.

Куәгердің айтуынша аулада оншақты бала ойнап жүрген. Ата-аналарының көпшілігі жұмыста болған екен. Бір топ баланың ішінен тек 10 жастағы Әлихан есімді баланың ғана батылы жетіп, көзсіз ерлікке тәуекел жасаған. Ол беліне арқан байлап әжетхананың тесігінен төмен қарай түсті.

Шұңқырдың түбіне жетісімен қыздың белінен арқан байлап, оны жоғарыдағыларға қарай жіберген. Абырой болғанда екеуі де аман. Шұңқыр бетонмен шегенделгендіктен онда жиылған улы газдан екі бүлдіршін де аман қалмасы анық еді дейді куәгерлер. Тек жылдам қимылдап, таза ауаға тез шыққандықтан денсаулықтарына аса зиян келмеген.