Алматыда 5 жасар баланың ішегінен 40 шақты магнит шары шықты

0
1 443

Алматыда Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жедел хирургия бөліміне іші түйнеп ауырған 5 жасар бала түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».


Алматыда 5 жасар баланың ішегінен 40 шақты магнит шары шықты

фото: inform.kz

Алматыда Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жедел хирургия бөліміне іші түйнеп ауырған 5 жасар бала түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Дәрігерлердің айтуынша, бала соқырішек ауруының белгісімен түскен. «Рентген түсіру барысында оның ішегінің жүрмей тұрғанын көрдік. Сосын ота кезінде ішектің ішінен бір-біріне жабысқан магнит шарларды анықтадық. Олардың жартысы ішектің төменгі жағында орналасса, жартысы жоғарғы жағында магниттер бір-біріне тартылған кезде арасындағы ішек жабысып қалған. Баланың кіндігінен ішекті шығарып алып, бөгде заттарды тазаладық. Ота тіліксіз жасалды», - деді шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі Ерлан Меңдіғалиев. Жедел ота барысында хирургтар 5 жасар баланың ішегінен 38 шақты магнит шарик алып шыққан. Қазір баланың жағдайы жақсы. Әзірге бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Бала есін жиған. 4-5 күн шамасында тамақ ішуге тыйым салынады. Баланы тек тамыр арқылы қоректендіріп жатыр. Мамандардың айтуынша, орталыққа бөгде зат жұтып қойған балалар жиі келіп түседі. Олардың ішінде 3-4 жағдайда дәрігерлер баланың ішегінен магнит алып шығарады.

фото: inform.kz

«Көбінесе балалар гелден жасалған шарлар, губка, ұсақ ойыншықтар, тиын, түйме, ине жұтып қояды. Оның ішіндегі гелден жасалған бұйымдар, магнит, инелер ең қауіпті болып табылады», - деді бөлімнің жауапты хирургі Азат Мамырасыл. Бөгде зат жұтып қойып ота үстелінен бірақ шығатын балалардың жасы 1-14 аралығында. Былтыр 2 жастағы баланың ішегінен гелбден жасалған шарлар алынды. Тіпті тамақтың арасында балалардың денсаулығы үшін қауіпті түрлері болады екен. «Балалар көбінесе сүйек бөліктерін жұтып қояды. Жаңғақтар, шемішкенің қабығы өкпесінде, кеңірдегінде тұрып қалады», - деді А.Мамырасыл.