иллюстрациялық фото
Алматыда алапат өрттен 14 отбасы баспанасыз қалды. Он күннен бері үй-жайынан айырылғандар уақытша пәтерлерге орналасып, көбісі туыстарын жағалап жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
Ал ұры-қарыдан қорқып, өртенген үйлерін күні-түні күзетуде. Айтуларынша, сұғанақтар есік, терезе мен жарамды деген заттарға көз сала бастапты. Ал, арнайы комиссияның шешімін күтеміз деген әкімдік демеуші тауып, далада қалғандарға қамқор көрсетеміз деп басу айтуда.
Он күн бұрын ғана екі қабатты мына үй түнгі уақытта түгі қалмай жанып кеткен болатын. Онда тұратын 14 отбасы сыртқа әзер шығып үлгерген. Қазір тұрғындардың біразы уақытша пәтерлерге орналастырылыпты. Алайда сол күнді қорқынышпен еске алатын олар баспаналарының апатты жағдайда екенін әкімдікке талай ескерттік деп ашынуда.
"Мен өзім бұл үйде 30 жылдай тұрамыз. Біз осы үйдің тұрғылықты тұрғындарымыз. Мен қанша жаздым. Өтініш сіздерге бізде мына жерде замыкание болады. Даже біз өзіміз үтіктеп жатсақ, кейде светтің өзі өшіп қалады. Барып қосамыз ана жақтан. Щит болатын бізде. Ол кәдімгідей замыкать ететін бізде деген от. Мен айтатынмын ол жер жақында жанады. Мына үйдің әбден тозығы жеткен", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Бекзат Бақтыбекова.
Қазір тілсіз жау жалмаған үйдің қабырғасы қақырап, алқан талқаны шығып жатыр. Мұндағы дүние-мүліктің 80 пайызға жуығы жарамсыз. Сонда да қараша пәтерлерін күні-түні күзетуге мәжбүр. Айтуларынша, есік-терезе мен кейбір аман қалған заттарды сұғанақтар ұрлағанша, қажет қылғандарға арзан бағаға сатқанды жөн көріпті. Өйткені 80 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген бұл үйді қайта қалпына келтіру мүмкін емес дейді.
"Егерде үйді қайтадан қалпына келтірген жағдайда менің ойымша ол мүмкін емес. Біріншіден біз мүмкін қарсы боламыз. Себебі ертең өтірік марафета жасап, кіргізіп ол да болмайды. Өйткені бір жерде тоқ кетуі мүмікн қайтадан. Қайтадан жаңбыр жауғанда бір жерден су ағуы мүмкін. Или астынан сирис шығуы мүмкін. Қайта-қайта мың арыз жазып дегенше. Менің ойымша әкімшілік өздерінің де, біздің басымызды қатырмайтын шығар деген ойдамын", - дейді Алматы қаласының тұрғыны, Тілек Бақтыбеков.
Жұртшылық күздің жақындағанына жабырқаулы. Яғни, сабаққа баратын балаларын мектепке апару мұң болғалы тұр. Өйткені қазір тұрақтаған пәтерлерінің 3 айлық қана ақысы төленген. Ары қарайғы күндерін болжай алар емес. Ал, әкімдіктегілер тілсіз жаудың ескі электр сымдарынан шыққанын растап, мәселені шешуге уәде етті.
"Техникалық-инструменталдық зерттеу өткізілген. 2 күнде қорытынды шығарылды. Бұл үйді ремонт жасауға мүмкіндік жоқ деген қорытынды шығарды. Сондай-ақ, әкімнің тапсырмасы бойынша 14 пәтер яғни 14 отбасына басқа пәтер беретін болдық. Оны біз келе жатқан 2-3 айда шешуге тырысамыз", - дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасарыМұхит Әзірбаев.
Осылайша шенеуніктер қарашаның уайымдауына еш негіз жоқ дейді. Яғни барлығына жаңа мекен-жайдан баспана бұйырмақ. Алайда сүрілуге кететін өрт болған үйдің орнына әзірге не салынары белгісіз.