Алматыда екі автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды (видео)

0
855

Алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алған.


Алматыда екі автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды (видео)

ERNUR.KZ. Алматы қаласында №201 мен №98 жолаушылар автобусы соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды, деп жазады stan.kz.

Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы 15 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Zakon Telegram-арнасының мәліметінше, бір автобус екінші автобустың бүйір тұсынан соққан. Салдарынан автобустардың бірі жолдың шетінде тұрған адамдарды қағып кеткен.

"№201 автобус Төле би даңғылымен жүріп келе жатқан. Екінші автобус Абылай хан даңғылымен жоғары көтерілген. №201 автобус екіншісін өткізбей, бүйір тұсынан соқты. Бұл кезде тротуарда екі адам тұрған. Олар тіпті не болғанын да түсінбеді. Екі адам автобустың астында қалды, ал көлік ағашқа барып соғылды. Бағдаршам жұмыс істемеді, жол қозғалысын бақылайтын полиция қызметкері де болмады", – дейді куәгерлердің бірі.

Алматы қалалық полиция департаменті жол апаты салдарынан бір адамның көз жұмғанын растады.

"Алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алғанын хабарлайды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды", – делінген хабарламада.