Алматыда ер адам әйелін пышақтап тастамақ болды

0
519

Күдікті 1991 жылы туылған.


Алматыда ер адам әйелін пышақтап тастамақ болды

ERNUR.KZ. Алматыда мас ер адам әйелімен жанжалдасып, артынан пышақ алып, соққыға жыққан. Содан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен, деп жазады zakon.kz.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді.

"Күдікті 1991 жылы туылған Х. есімді азамат, қазір ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция бөлімі істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешенін жүргізіп, жан-жақты және толық тергеу амалдарын жүргізуде.