Алматыда газбен жұмыс істейтін ЖЭС салынатын болды

0
572

ЖЭС-тің алғашқы құны – 364 миллиард теңге.


Алматыда газбен жұмыс істейтін ЖЭС салынатын болды

ERNUR.KZ. Алматыда газбен жанатын ЖЭС салынатын болды. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Алматыдағы ЖЭО-2 алаңында Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесі өтіп жатыр. «Самұрық-Қазына» энергетиктердің жұмысын қоғам талқысына салып жатыр. Кеңеске қоғам қайраткерлері, саясаткерлер және сарапшылар қатысуда.

Кеңес мүшелері Қазақстанда электр станцияларының жұмыс істеу қабілеті сарқылғанын, станциялардың тозғанын айтты. «Самұрық-Энерго» басшысы Серік Түйтебаев Қазақстанда электр станцияларының жұмыс істеу қабілеті сарқылды деп мәлімдеді.

«Елімізде 2029 жылға қарай 3ГВт-дан астам электр қуатының тапшылығы болуы мүмкін. Өйткені елде электр қуатына деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 9,4%-ға өскен. «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы елдің электр қуатына деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауқымды энергетикалық жобалардың, электр қуатына белгіленген тарифтердің төмен болуына байланысты, қаржыландырудың жетіспеушілігінен іске асырылу қарқыны төмен. Сол себептен бүгінде жұмыс істеп тұрған ЖЭО-лар жүктемесі артып, соның салдарынан нысандардың жабдықтары жылдан жылға тозып барады», - деді ол.

Оның айтуынша, станциялардың тозуына соңғы жылдарда болған Екібастұз, Рудный, Риддер, Теміртаудағы апаттар, олардың жұмыс істеу қабілетінің сарқылып жатқаны дәлел.

«Самұрық-Энерго» электр қуатына деген қажеттілік мәселелерін Алматы ЖЭО-ны жаңғырту және реконструкциялау, Екібастұз энергия торабында жаңа энергия блоктарын іске қосу және жиынтық қуаты 4,1 ГВт жаңа көмір электр станциясын салу сынды ауқымды энергетикалық жобаларды іске асыру арқылы шешпек.

Газбен жанатын жаңа ЖЭО-2-нің құрылысы биыл жазда басталады