Осылайша, Қазақстанда коронавирустан жиырма алты емес, жиырма бес адам көз жұмды.
иллюстрациялық фото
ҚР Денсаулық сақтау минстрлігі Алматыда қайтыс болған 97 жастағы қарттың өліміне қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
"Бұған дейін хабарланғандай, өлім ми қан айналымының бұзылуынан туындаған қайтымсыз табиғи салдардан орын алған. Коронавирус инфекциясы басқа да бірқатар ауыр аурулар секілді ілеспелі болды" - делінген министрліктің хабарламасында.
Осыған байланысты Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім жағдайын коронавирустың салдарынан болды деп есептемеуге шешім қабылдады.
Осылайша, Қазақстанда коронавирустан жиырма алты емес, жиырма бес адам көз жұмды.