Алматыда көлігіне от жағатын пеш орнатқан жүргізуші ұсталды – видео

0
646

Салонның ортасында от жағатын пеш тұрса, екі жағында газ баллондары орнатылған.


Алматыда көлігіне от жағатын пеш орнатқан жүргізуші ұсталды – видео

ERNUR.KZ. Алматы қаласында көлік салонын от жағып жылытқан ер адам ұсталды. Ал көлігі айып тұрағына қойылды, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде осы көліктің видеосы кеңінен тарап кетті. Иесі оны халықтың көңілін көтеру үшін жасадым деп отыр. Бірақ қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Салонның ортасында от жағатын пеш тұрса, екі жағында газ баллондары орнатылған.

"Мұндай көлікті басқару ең алдымен оның иесіне, жолаушыларға және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретіні анық", - дейді полицейлер.
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590-бабы, 7-бөлігі (Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару) бойынша жауапқа тартылды. Көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
Айта кетері, мұндай әкімшілік құқық бұзушылық үшін 15 АЕК (51 750 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.