​Алматыда коронавирустан қайтыс болған 2 адам туралы мәліметтер белгілі болды

0
725

Көз жұмған екі науқастың да жағдайы өте ауыр болған.


​Алматыда коронавирустан қайтыс болған 2 адам туралы мәліметтер белгілі болды

Алматыда 19 сәуірде коронавирустан қайтыс болған 2 науқастың да халдері ауыр болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның біреуі 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмды.

Екіншісі 1931 жылы туған әйел, ол сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жай-күйде болған.