Қабылданған шаралардың қашанға дейін созылатыны белгісіз.
ERNUR.KZ. Оңтүстік астанада науқастарды жоспарлы қабылдау, қарау, тіпті, жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету тоқтатылды, деп жазады kaz.nur.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің «COVID-19 коронавирусының симптомсыз түріне шалдыққан науқастарға амбулаториялық бақылауды ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес, Алматыда науқастарды жоспарлы қабылдау, сондай-ақ профилактикалық қарау, скрининг және медициналық оңалтудың үшінші кезеңі тоқтатылды.
Сонымен қатар, қала тұрғындарына жоспарлы стоматологиялық көмек, білім алушылардың денсаулығын қорғау бойынша қызметтер көрсетілмейді, салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шаралар өткізілмейді.
Бұдан бөлек, психологиялық көмек пен медициналық-әлеуметтік қолдау, ақылы медициналық тексеру мен медициналық-әлеуметтік сараптамаға құжат рәсімдеу уақытша тоқтатылады.
Қабылданған шаралардың қашанға дейін созылатыны белгісіз. Олардың мерзімі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.