Бұған дейін желіде Алматыда мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпарат тарады.
ERNUR.KZ. Алматының беделді мектебіндегі бірінші сынып оқушысының зорлану фактісі бойынша тергеу басталды, деп жазады stan.kz.
Алматы полиция департаменті тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. Тергеу барысы ерекше бақылауда", – деді Алматы ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Қылмыстық іс ҚК 121-бабының 3-бөлігі “Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша қозғалды.
"Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады полиция қызметкері.
Алматы халықаралық мектебі Нұрсұлтан Назарбаев қорының құрылымында жұмыс істейді.
Бұған дейін желіде Алматыда мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпарат тарады.