Алматыда судья қырғызстандық экс-депутатты 10 жылға бас бостандығынан шектеді

0
1 115

Экс-депутат жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді.


Алматыда судья қырғызстандық экс-депутатты 10 жылға бас бостандығынан шектеді

ERNUR.KZ. Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулуна "шекарадан контрабандалық тауар өткізбек болды" және "трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты" деп айыппен 10 жыл түрме жазасын кесті. Сот экс-депутатқа 5 жыл Қазақстанға кіруге тыйым салды, деп жазады azattyq.org.

Экс-депутат жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді. Судья Бақытхан Бәкірбаев Асылбекуулуның жазаны өтеу мерзімін қамауда алынған сәтінен - 2018 жылдың 15 ақпанынан бастап есепке алуды үкім етті.

Судья экс-депутатпен бірге сотқа тартылған өзге 11 адамға үкім оқып жатқанда айыпталушылардың туыстары "Масқара!" деп айқайлап, сотқа наразылық білдірді. Артынша айыпталушылар төбелесіп қалды да, судья Бәкірбаев сотталғандардың туыстарын залдан шығарып жіберді.

Прокурорлар актісінде Асылбекуулуның 2016 жылы қарашада "депутаттық қызметін пайда табу және заңсыз баю мақсатына пайдаланып, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны" айтылған. Прокурорлардың сөзінше, ол қылмыстық топты "Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге заңсыз тауар жіберу үшін басқарған".