Оқиға Түрксіб ауданында болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті себебін анықтап жатыр.
ERNUR.KZ. Алматыда жер үйде екі адам тірідей өртеніп кетті, деп жазады sputniknews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, Түрксіб ауданы Волочаев көшесіндегі 399-шы үйде өрт болған. Баспана толықтай өртенді. Шамамен 100 шаршы метр аумақ отқа оранды.
Төтенше оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды. Олардың аты-жөні анықталып жатыр.
Оқиға орнына түрлі қызметтер жетті. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебін анықтайтын болады.