Алматыда жүргізушісіз қозғалған автобус балалы әйелді мыжып кетті

0
918

Жүргізушісіз қозғалып бара жатқан автобусқа жүргізуші секіріп мініп тоқтатқанша, артқы есіктен түскен балалы əйелді артқы доңғалағы мыжып өте шықты.


Алматыда жүргізушісіз қозғалған автобус балалы әйелді мыжып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысында кеше қоғамдық көлікке қатысты оқыс оқиға болды, деп жазады sn.kz.

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Ләззат Тоқмолдаева өз парақшасында жариялаған.Оның айтуынша, автобус жүргізушісіз қозғалған.

«Жолдан өтіп бара жатып, көзім автобусқа түсіп кетті. Жүргізушісіз қозғалып бара жатқан автобусқа жүргізуші секіріп мініп тоқтатқанша, артқы есіктен түскен балалы əйелді артқы доңғалағы мыжып өте шықты. Машинадан түсе сала жүгірдім. Қиналып жатқан ана мен балаға жедел жəрдем шақырып, шамамның келгенінше көмек қолын ұсынуға тырыстым. Жеті жасар шамасындағы ұл баласы аман екен. Шырылдап, "анашым мен інімді құтқарыңыздаршы"- деп жанұшыра айқайлайды. Жүрегім езілді...

Бұл апатқа себепші болған жеңіл көлік оқиға орынынан қашып кетті. Ол көліктен қашып барып осындай жағдайға душар болған автобус жүргізушісі не істерін білмей, ана мен баланы айналшықтап аман қалуларын тілеп жүрді. Жедел жəрдемге отырғызып, Алладан амандықтарын тілеп қала бердім. Алла жар болсыншы!» - деп жазды куәгер.

Tengrinews.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әйелді №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызған. Бет-сүйектері жарақаттанған деген диагноз қойылды.

Баласын балалар ауруханасына жеткізіп, хирургтар бастан-аяқ қарап шықты.

«Әйелге диагноз қойылды: ауыр дене жарақаты, жабық бас жарақаты, ми шайқалуы, ішкі қан кету, кеуде жарақаты, кеуденің I-II дәрежелі жарақаты», - деп хабарлады Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы.