Алматыдағы Сайран көлінің түбі жарты ғасыр тазаланбаған

0
2 069

алалық әкімдік мәліметіне сүйенсек, Алматыда 3 көлді тазарту жұмыстары қолға алынған.


Алматыдағы Сайран көлінің түбі жарты ғасыр тазаланбаған

ERNUR.KZ. Алматыдағы Сайран көлінің түбі жарты ғасыр бойы тазаланбаған. Әкімдік 50 жылдан кейін осы істі қолына алыпты, деп жазады Stan.kz.

Қалалық әкімдік мәліметіне сүйенсек, Алматыда 3 көлді тазарту жұмыстары қолға алынған. Яғни Сайран, Қарасу және Әуежай көлдері. Ал көл түбін құрғату үшін Есентай, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің ағысы тоқтатылды.

“Сайран су қоймасының түбі соңғы 50 жылда алғаш рет механикалық тазартылуда. Арна мен жағалауды тазартуға 4 экскаватор мен 30 самосвал жұмылдырылған. Аумағы 60 га, жұмыс басталғалы 140 мың м3 қоқыс пен лай шығарылды. Тазалау жұмыстары жақын күндері аяқталады, - делінген ақпаратта.

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Механикалық тазартудың негізгі мақсаты – биологиялық үдерістерді сақтау және су айдындарының экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіру үшін жағдай жасау.