Арыстағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс зардабын жоюға 2-3 жыл керек

0
452

Америкалық сарапшылар қазақстандық саперлардың жұмысын жоғары бағалады.


Арыстағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс зардабын жоюға 2-3 жыл керек

ERNUR.KZ. Бұл туралы миналар мен жарылғыш заттарды залалсыздандыру бойынша кеңес беру үшін келген америкалық сарапшылар мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Сондай-ақ олар жарылмай қалған снарядтардың әлі де қауіпті екенін ескертті. Қазақстандық саперлардың жұмысын жоғары бағалады. Олардың айтуынша, қойманың аумағын тазалау шаралары барынша қауіпсіз жүргізіліп жатыр. Сарапшылар қазақстандық мамандар миналарды залалсыздандыру бойынша АҚШ-та қосымша тренингтерден өте алатынын жеткізді.

Қазір еліміздің 2 сапер-инженері Құрама штаттарда тиісті тағылымдамадан өтіп жатыр.

"Бұл өте үлкен әскери қойма, онда жарылмаған көп оқ-дәрі бар, сондықтан әлі біраз уақыт керек. Ең бастысы, адамдар тұратын аумақ толық тазартылды, менің ойымша, ең маңыздысы осы. Бәрі көрсетілетін қолдау түріне байланысты. Қойма аумағы толық бақылауға алынды, оқ-дәрілер қауіпсіз орналастырылды, енді жұмысты жоспарлы түрде аяқтауға еш асығыс жоқ", - дейді «Golden West» гуманитарлық қорының жедел әрекет ету отрядының сарапшысы, Марк Тобайос.