Тұрғындар бұл жайға аса алаңдаулы
ERNUR.KZ. Семейде асфальт төселіп жатқан жолдың қақ ортасында баған «өсіп» тұр, деп жазады altaynews.kz.
Мичурин аталған көшенің жөндеу жұмысы 2014 жылы басталған. Сосын ол жұмыс кейіннен біраз уақыт тоқтап, биыл қайта жанданған екен.
Бірақ жөнделгені сол, асфальт төселіп жатқан жолдың қақ ортасында тоқ бағаны тұр.
Тұрғындар бұл жайға аса алаңдаулы.