Астана әуежайы БАӘ компаниясының басқаруына өтеді

0
426

Әуежайдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада "негізгі мақсат Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту, инвестиция құю арқылы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жасау, жүк терминалың қуаттылығын және жолаушылар ағынын арттыру" екені айтылған.


Астана әуежайы БАӘ компаниясының басқаруына өтеді

ERNUR.KZ. Астана халықаралық әуежайы инвестор Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастады, деп жазады Zakon.kz.


Әуежайдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада "негізгі мақсат Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту, инвестиция құю арқылы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жасау, жүк терминалың қуаттылығын және жолаушылар ағынын арттыру" екені айтылған.

"Бұл Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында сағатына 20 ұшу және қону операциясын орындауға мүмкіндік береді. Ал жүк терминалының аумағы 3,3 мың шаршы метр болады. Астана халықаралық әуежайы жылына 11 мың тонна жүкті қабылдау және жөнелту жұмысын жүргізіп келеді".Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Айта кету керек, ортақ келісім әзірге 1 жылға қарастырылған.

"Бір жыл көлемінде инвестор Астана әуежайының әлеуетін зерделеп, мүмкіндіктерін қарастырады. Содан кейін нақты инвестиция көлемі мен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасасу мәселесі қарастырылады".Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі


Terminals Holding-пен ынтымақтастық туралы келісімге 18 қазанда премьер-министр Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына сапары барысында қол қойылды.