Астана маңындағы ауылда 14 жастағы қыз өзіне қол жұмсады

0
352


Астана маңындағы ауылда 14 жастағы қыз өзіне қол жұмсады

ERNUR.KZ. Астана маңындағы ауылда 14 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады, деп жазады Stan.kz.



Желіде Астана маңындағы Жібек жолы ауылында жасөспірім қыздың асылып қалғаны туралы ақпарат тарады.

Ақмола облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.


"1 қазанда Аршалы аудандық ішкі істер бөліміне Астана қаласының тұрғынынан өзінің Жібек-Жолы ауылындағы үйінің гаражында 2010 жылы туған немере қарындасының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", – делінген полиция хабарламасында.

Полиция іске қатысты басқа ақпараттардың тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайтынын атап өтті.

Астана полициясы балалардың қауіпсіздігі үшін тұрғын үй кешендері мен үйлердің шатырларына кіретін есіктердің жабылатынын мәлімдеді. Бұған дейін Астанадағы "Мирас" тұрғын үй кешенінің шатырында жүрген жеті жасөспірім түсірілген еді.

Әлеуметтік желі қолданушылары балаларды "суицидтік квест" ойнап жүр деп күдіктенген. Алайда Астана полициясы жасөсіпірімдердің қауіпті ойындар ойнап жүргені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Полицейлер балалардың телефондарын ата-анасының көзінше тексерген.

Жасөспірімдердің ата-аналары "балаларына дұрыс қарамағаны үшін" жауапкершілікке тартылған. Полиция департаменті тұрғын үйлердің шатырларына кірулердің шектеліп жатқанын атап өтті.

"Полиция тағы да ата-аналарды балаларының интернет пен әлеуметтік желілер арқылы қауіпті іс-әрекеттерге араласу қаупіне байланысты олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады", – делінген полиция хабарламасында.