Қаза тапқан жігіт хат жазып қалдырған.
ERNUR.KZ. Астанада 22 жастағы жас жігіт тұрғын үйдің 23 қабатынан секіріп мерт болды, деп жазады zakon.kz.
Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдай «Байқоңыр» тұрғын үй кешенінде 7 қараша күні түнде орын алған. 1996 жылы туылған азамат тұрғын үйдің 23 қабатынан секіріп кеткен.
«Орын алған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қаза тапқан жігіттің жеке басы анықталды. Қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды. Жігіттің алдын ала жазылған хаты табылды. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деп мәлімдеді Астана қаласының полиция департаменті баспасөз қызметі.