Астанадағы тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған тұрғын бес тәулікке қамалды

0
373

Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.


Астанадағы тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған тұрғын бес тәулікке қамалды

ERNUR.KZ. Астанадағы тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады zakon.kz.

Ер адам Тарас Шевченко көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінің ашық балконының кіреберісіндегі орынды былғағаны белгілі болған.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторлары түскен ақпарат бойынша сол аумаққа барып, қоғамдық тәртіпті бұзушыны анықтаған.

Полицейлер оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік іс қозғады.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 42 жастағы ер адам бес тәулікке қамалды. Ол арнайы әкімшілік қамауға алынғандардың қабылдау орталығына орналастырылды.