Семейлік азаматқа докторлық диссертация жаздыртып алмақ болған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны алданып қалды.
ERNUR.KZ. 10 маусым күні Семей қаласының полиция басқармасына астаналық әйелден арыз түскен. 43 жастағы елорда тұрғыны өзі жете танымайтын адамға докторлық диссертация жазғызу үшін 1,5 млн теңге ұстатып қоя берген, деп жазады ktk.kz.
Уәдені үйіп-төккен ер адам қолына ақша тиген күні-ақ телефонын өшіріп, хабарсыз кеткен. «Жедел іздестіру шараларының арқасында күдіктінің 56 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.