Ата-аналар балаларына депозит ашу үшін банк өкілдерін перзентханаға шақырады

0
1 314

Олар балаларына 18 жасқа толғанда жеңілдікпен кредит алу үшін депозит аштыртады.


Ата-аналар балаларына депозит ашу үшін банк өкілдерін перзентханаға шақырады

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері 23 мың қазақстандық "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы баспаналы болды. Бұл туралы ТҮҚЖБ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

"Бүгінде банктің 1 млн 400 мың салымшысы бар. Оның ішінде 150 мың балалар депозиті бары қуантады. Ата-аналар балаларына 18 жасқа толғанда жеңілдікпен кредит алу үшін депозит аштыруға консультанттарымызды тіпті перзентханаға шақырып жатады", - деді Ибрагимова.

Ол ТҮҚЖБ арқасында 190 мың қазақстандық отбасы қоныс тойын тойлағанын атап өтті.

"Шілдеде біз "Бақытты отбасы" атты үлкен бағдарламаны іске қосамыз. Бұл бағдарлама туралы Елбасы Nur Otan съезінде бастама көтерді. Жылдық үстемақы - 2%, бастапқы жарна - 10%, 20 жылға дейін берілетін ТМД елдері арасындағы жалғыз ұзақмерзімді арнайы бағдарлама болып отыр. Бағдарламаға үш санаттағы Қазақстан азаматтары қатыса алады: бірінші - 24 жасқа дейінгі ЖОО-да немесе кәсіби техникалық білім алатын баланы қоса алғанда кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасылар; екінші - бала санын есептемегенде мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар; ал үшінші санат - толық емес отбасылар", - деді ол.

Оның сөзінше, қазір жыл басынан бері банктің 23 мың салымшысы баспаналы болған. Ең көп займ алушылардың арасында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көш бастап отыр.