Атырау облысы қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

1
2 192

«Сары» аймақта Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.


Атырау облысы қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті 6 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа Атырау облысы енді. «Сары» аймаққа енген өңірлер - Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстары. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 742 адамнан коронавирус анықталды. Атырау облысында 101 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.