Мақаттық 14 адам Африкадағы мұсылмандарға арналған ауызашармен айналысатын қорға ақша аударған.
ERNUR.KZ. Атырау облысына қарасты кішкентай ауыл Мақаттың бір топ жастары Африкадағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ауызашар дастарханын ұйымдастырды, деп жазады stan.kz.
Мақаттық 14 адам Африкадағы мұсылмандарға арналған ауызашармен айналысатын қорға ақша аударған. Ұйымдастыру жұмыстарын қор өз қолына алып, 60 балаға дастархан жайылған.
Ұстаз бастаған балалар алыс елден ниет білдірген қайырымды жандарға жылы лебіздерін білдіріп, алғыс айтты.
Видеода барлық балалардың ұстаз дұғасына қосылып, құлшылық етіп жатқаны көрсетілген.