ҚТЖ филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ филиалы – "Атырау магистральдық желі бөлімшесінің" директоры Елеубай Сапаров ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
ҚТЖ филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып, алдау және сенімге қиянат ету арқылы кәсіпкердің 1 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденді деген күдікке ілінді.
Бұл туралы "Атамекен ҰКП" филиалының алаңында кәсіпкерлермен кездесу барысында Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мәлімдеді.
Департамент күдіктінің қандай баппен және қашан ұсталғаны туралы хабарламады. Бірақ Сапаровтың алаяқтық жасағанын және 22 қыркүйекте Атырау қалалық тергеу соты оған қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасын таңдағанын айтты.