Атырау облысында жас жігіт пен қыз асылып тұрған жерінен табылды

0
1 365

Сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде іс тоқтатылды.


Атырау облысында жас жігіт пен қыз асылып тұрған жерінен табылды

ERNUR.KZ. Атырау облысында жас жігіт пен қыз жаздық душ кабинасында асылып тұрған жерінен табылды, деп жазады Stan.kz.

Атырау облысында 20 жастағы жігіт пен 18 жастағы қыздың өзіне қол жұмсауына қатысты істің тергеуі аяқталды.

Биылғы жылдың тамыз айында жастардың өзіне қол жұмсауы бүкіл облысты қайран қалдырған еді. Бейбарыс аулындағы үйлердің біріндегі жаздық душ кабинасынан жігіт пен қыз асылып тұрған жерінен табылған.

Сол кезде полиция Қылмыстық кодекстің «Өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастап, тиісті сараптамаларды тағайындады.

Полиция мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде іс тоқтатылды. Оған істе қылмыс құрамының болмауы себеп болған.