Атырау тұрғыны көлікке шананы байлап, қызын сүйреген

0
2 023

Енді жүргізуші шамамен 14 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі керек.


Атырау тұрғыны көлікке шананы байлап, қызын сүйреген

ERNUR.KZ. Атырау тұрғыны көлікке шананы байлап, қызын сүйреген, деп жазады tengrinews.kz.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 желтоқсанда түнгі сағат 01:07-де болған. Осы уақытта қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камерасын тексеру кезінде көлікті байқаған.

"Оқиға орнына патрульдік полиция жіберілді. Полиция қызметкерлері "Хюндай Туксон" көлігін тоқтатты. Оған шана байланыпты. Оның үстінде 22 жастағы қыз отырған. 2000 жылы туған жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 595-бабы 1-бөлігі ("Жол қозғалысы ережесін бұзу") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.

Енді жүргізуші шамамен 14 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі керек.