Атырауда тұрғын үй өртеніп, 25 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды

0
1 052

5 мамыр сағат 19:32-де 101 арнасына тұрғын үйдің өртенгені туралы хабар түскен.


Атырауда тұрғын үй өртеніп, 25 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Атырауда шатыры өртенген үйден 25 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған, деп жазады Sputnik.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 5 мамыр сағат 19:32-де 101 арнасына тұрғын үйдің өртенгені туралы хабар түскен.
"Аталған шақырту бойынша полиция майоры Қуаныш Бозақаев пен полиция капитаны Ерлан Мырзагереев өртенген тұрғын үйге 4 минутта жеткен. Кейін 9-қабатқа пәтер иесімен бірге жедел көтеріліп, тұрғындарды эвакуациялауға кіріскен. Алайда, будақтаған қара түтін кедергі келтірген. Өйткені, шатырда тұтанған өрт жоғары қабаттағы пәтерлердің балконын да шарпыған. Қос полицей қауіптің алдын алу пәтер балконындағы өртті өшірген. Сөйтіп пәтерлерден 25 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.