Атыраудағы жарылыс: Ауруханаға түскен үш адамның жағдайы ауыр

0
679

Атырауда тұрғын үйде жылу қазандығы жарылған болатын.


Атыраудағы жарылыс: Ауруханаға түскен үш адамның жағдайы ауыр

ERNUR.KZ. Атырау қаласындағы тұрғын үйдегі газ қазандығының жарылысынан кейін ауруханаға түскен үш адамның өте жағдайы ауыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырауда тұрғын үйде жылу қазандығы жарылғанын жазған болатынбыз.

Жылу қазандығы бүгін, 10 қарашада түнгі сағат 1:24-те жарылған. Жарылыстың салдарынан жалпы көлемі 120 шаршы метр болатын тұрғын үй отқа оранып, төбе жабындысы мен бөлмелері толықтай өртеніп кетті. Өрттен 3 адам – 19 жастағы екі жігі пен 22 жастағы бойжеткен зардап шегіп, облыстық ауруханаға жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ауруханаға жатқызылған 3 науқастың екеуі жансақтау бөлімшесінде жатыр.

«Жансақтау бөлімшесіндегі науқастың бірінің денесін 90%, екіншісінде 85-90% күйік шалған. Екеуінің де жағдайы өте ауыр. Науқастың екеуі де жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ал, 1999 жылғы бойжеткен 25-30% күйікпен нейротравматолгия бөлімшесінде жатыр. Оның жағдай ауыр. Дәрігерлер науқастарды жіті қадағалауына алды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.