Ауа температурасы төмендейді: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

0
946

Жауын-шашын болып, жел күшейеді, көктайғақ болады. Елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бұрқасын болады.


Ауа температурасы төмендейді: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

ERNUR.KZ. Қазгидромет 26-28 қазанда ауа райы қандай болатынын жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Сондай-ақ жауын-шашын болып, жел күшейеді, көктайғақ болады. Елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бұрқасын болады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0...-5°C аяз. Күндіз +3...+12°C-тан +5...+15°C-қа дейін жылы болады.

Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0...-5°C аралығында төмендейді. Ал облыстың батысында -3...-8°C аязға дейін, күндіз 0...-5°C аралығында суық болады.

Оңтүстікте +5...+13°C жылы, республиканың солтүстігінде +2...+7°C-тан -2...-7°C аязға дейін төмендейді.

Қазақстанның орталығында түнде -3...+5°C-тан -7...+3°C дейін төмендейді, шығыста -3...+5°C-тан -1...+7°C төмендейді. Күндіз 0...+8°C болады.

Елдің оңтүстігінде -3°C-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +8...+15°C-қа дейін көтеріледі.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда 26-27 қазанда күн бұлтты, түнде -5...+3°C, күндіз +3...+10°C көрсетеді. 28 қазанда түнде -3°C, күндіз +6°C жылы болады.

Алматыда 26 қазанда күн ашық, түнде +6°C, күндіз +17°C жылы болады. 27-28 қазанда күн бұлтты, түнде +8°C, түнде +14°C жылы.

Шымкентте 26-27 қазанда күн бұлтты болады, түнде +7...+8°C жылы, түнде +15...+18°C жылы болады. Ал 28 қазанда жаңбыр жауады, түнде +7°C, күндіз +15°C көрсетеді.

Қарашада ауа райы қандай болады

Айдың бірінші жартысы жылы болады деп болжанып отыр. Солтүстікте ауа температурасы түнде минус 3 градустан -8...-13°С дейін, күндіз +3...+10°С-тан -2+3°С дейін құбылады.

Бірінші онкүндіктің соңында республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жел күшейіп, жауын-шашын (көбіне қар) түседі, айдың екінші жартысында бұл құбылыс жиілейді. Бір ай бойы көктайғақ пен тұман байқалады.

"Айдың екінші жартысында күн қатты суытады. Сынап бағанасы түнде -17...-25°С дейін, күндіз -8...-13°С дейін, ал еліміздің шығысында түнде -30°С дейін, күндіз -18°С дейін төмендейді", - деп болжады синоптиктер.

Қарашаның үшінші онкүндігінде аяздың беті қайтады. Батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жабысқақ қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады.

Ең жылы күндер айдың бірінші жартысында болады. Күндіз ауа температурасы +10...+18°C дейін жоғарылауы мүмкін, алайда қарашаның екінші жартысында температура фоны түнде -5...-17°C, күндіз -2...-7°C дейін төмендейді.

Үшінші онкүндікте күн қайтадан жылынады.