Ауыл тұрғынымен соттасқан аудан әкімі қызметінен кетті

0
1 026

Қарқаралы қаласының бұрынғы аудандық әкімі мен жергілікті тұрғынның соттасу себебі - Facebook әлеуметтік желісіндегі әкімнің жазбасы болды.


Ауыл тұрғынымен соттасқан аудан әкімі қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Қарқаралы ауданының әкімі Халел Максутов сот отырысынан кейін бірден қызметінен кетті. Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер бұл шешім оның басқа жұмысқа ауысуымен байланысты екенін айтты, - деп жазады tengrinews.kz.

7 желтоқсанда ауданның жаңа әкімі болып Эльдар Дүйсетаев тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған. Қарқаралы қаласының бұрынғы аудандық әкімі мен жергілікті тұрғынның соттасу себебі - Facebook әлеуметтік желісіндегі әкімнің жазбасы болды.

Автор мешіт маңында салынатын Құнанбай қажы мен Абай ескерткіштеріне байланысты даулы жағдай туралы жазған. Ер адамға Халел Мақсұтовтың идеясы ұнамай, өзінің парақшасында "сепаратист" және "надан әкім" деген сөз тіркестерін қолданып жазба қалдырған. Осыдан кейін бұрынғы әкім мақала авторын ғайбат айтты деп айыптады.

Ол № 2 Қарқаралы аудандық сотына жүгінді, онда ер адамның ҚР ҚК 130-бабы "Жала жабу" бойынша айыптауы қабылданбайды, алайда 131-бапта көрсетілген "Қорлау" бойынша наразылығы ескеріледі. Сот отырысы кезінде айыпталған автор кінәсін мойындамады. Ол сотқа барлық қолданылған сөздер контекстен алынып, дұрыс қабылданбағанын түсіндірді. Жалпы оның жазбасы қорлау үшін емес, Халел Мақсұтовтың ойлануына себеп болу үшін екенін айтты.

Сондай-ақ, сотта психо-филологиялық сараптама нәтижелері ұсынылды. Сарапшылар ер адамның сөзін растады және сот оны ақтап шықты. Айта кетелік, Халел Мақсұтов Қарқаралы ауданын 2011 жылдан бастап басқарды. Бұған дейін ол Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.