Аяжан Еділованің өліміне қатысты басты сот отырысы басталды

0
776

Жас қыз биыл наурыз айында із-түссіз жоғалып кеткен болатын.


Аяжан Еділованің өліміне қатысты басты сот отырысы басталды

ERNUR.KZ. Алматыда аса қатыгездікпен өлтірілген бойжеткен Аяжан Еділованың ісі бойынша басты сот отырысы басталды . Процесс аса ауыр қылмыстар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта жабық режимде өтеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Сот отырысы сағат 10:00-де басталады. Істе барлығы 30 том бар, 30-ға жуық экспертиза жүргізілді», - деді Аяжанның отбасының заңды өкілі, адвокат Қадыржан Ғалымжанұлы.

Айта кетейік, атышулы іс сотқа 20 қазанда келіп түскен. Алдын ала тыңдау кезінде айыпталушы алқа сотынан бас тартты. Яғни, үкімді судьяның өзі шығарады.

Еске салайық, Аяжан Еділова биыл 19 наурызда із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Ол жұмысынан шығып, үйіне оралмаған. 22 наурызда оның өлтірілгені белгілі болды. Қылмыскер бойжеткен қыздың денесін бөлшектеп, суға қайнатқан.

Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (Зорлау) мен 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.