Әйеліне өкпелеп балдызының үйін өртеп жіберді

0
1 373

Әйелімен ұрсысып қалған атыраулық тұрғын балдызының үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»


Әйеліне өкпелеп балдызының үйін өртеп жіберді

Әйелімен ұрсысып қалған атыраулық тұрғын балдызының үйін өртеп жіберді,-деп хабарлайды «ҚазАқпарат»

«Атырау қалалық №2 сотта әйелімен арада болған ұрыстан соң үйді өртеп жіберген Б. есімді азаматқа қатысты іс қаралды. Сот барысында анықталғанындай, Көкарна ауылындағы сіңлісінің үйіне кетіп қалған әйеліне өкпелеген азамат оның артынан барған. Әйелі үйде болмай шығады. Сонда мас халде болған азамат өзін-өзі өртемек болады. Ол туралы әйеліне бірнеше рет СМС хабарлама да жазып жіберіпті. Бірақ, өзіне қол салу райынан қайтып, балдызының үйіне өрт қойған. Салдарынан жәбірленушіге 4 774 009 теңге мөлшерінде шығын келтірген», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. Сотталушының бар шығынды өтеп, жәбірленушіден кешірім сұрағанын ескерген сот ер азаматқа 5 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.