Прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттап тастады.
ERNUR.KZ. Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов балалардың өзіне-өзі қол жұмсау мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Қадағаушы органның басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырғанын ерекеш атап өтті.
Оның айтуынша, прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттап тастады. Сондай-ақ, қазіргі кезде қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс жүргізіліп жатыр.