Баласын өлтіріп, мәйітін мұздатқышта сақтаған әйел туралы көршілері айтып берді

0
595

Туған ұлын өлтіріп, мүрдесін екі айға жуық уақыттан бері мұздатқышта ұстады деген күдікке ілінген әйел қазір қамауда отыр.


Баласын өлтіріп, мәйітін мұздатқышта сақтаған әйел туралы көршілері айтып берді

ERNUR.KZ. Алматы облысында екі жастағы туған ұлын өлтірді деген күдікті жайлы көршілері айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әйелдің апайы бізге жүгіріп келіп, бала мұздатқышта өліп жатыр деді. Біз бірден полиция шақырдық. Баланы шілде айының ортасынан кейін көрмедік. Бұрын күйеуімен Ресейде тұрған. Қазір бір жылдан бері осы жерде тұрады. Баласын ылғи жылатып жатады. Бізге жақын тұрғандықтан жылаған дауысын да еститінбіз. Баласы біздің үйге келіп, үнемі менің қасымда жүретін. Бала үйге бармаймын дейтін. Ал әйелдің өзі соңғы кезде жағалай қарыз сұрап кетті. Көршілердің бәріне қарыз. Бірақ ұлын өлтіргендігі жайлы сыр білдірмеді. Бала қайда деп сұрасақ, Талдықорғанда тәрбиешіде дейді, болды», - деді Қаратал ауданына қарасты Үштөбе қаласының тұрғыны Любовь Слесаренко.

Туған ұлын өлтіріп, мүрдесін екі айға жуық уақыттан бері мұздатқышта ұстады деген күдікке ілінген әйел қазір қамауда отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының Үштөбе қаласында 27 жастағы әйел екі жастағы баласын өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.