​«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді

0
2 549

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының командалық-басқару органдары командалық-штабтық көп сатылы жаттығуларды өткізуге жоғары жауынгерлік дайындық деңгейіне келтірілді.


​«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері  дабыл бойынша көтерілді

Оқу-жаттығулар Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақовтың басшылығымен Құрлық әскерлерінің командалық және басқару органдарының, құрамалары мен бөлімдерін даярлау жоспарына сәйкес өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаттығудың бірнеше кезеңі барысында штабтар мен командалық-басқару органдары бағынысты бөлімшелерді басқару бойынша біліктіліктерін арттырады.

«Көп сатылы командалық-штабтық жаттығулар әртүрлі деңгейдегі штабтардың қатысуын меңзейді, яғни Құрлық әскерлері, өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдер деңгейінде тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Басты ерекшелігі - бұл алыс қашықтықта орналасқан басқару органдарының арасында заманауи техникалық байланыс құралдары көмегімен ақпарат алмасу жүргізіледі», - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы Басқармасының жедел басқарма бастығы полковник Талғат Кенжетаев.
Командалық-штабтық жаттығулар - бұл командирлердің, штабтардың және командалық-басқару қызметтерінің бірлескен жаттығуларының бір түрі. Аталмыш оқу-жаттығулар барысында әскери істің жаңа мәселелері зерттеліп, бағынысты бөлімшелерге басшылық етудің жетілдірілген әдістері жасалынады.
Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып өтті.