Бесінші өлім: Алматыда 18 жастағы жігіт терезеден секіріп кетті

0
220

Полиция аталмыш жайт бойынша қылмыстық іс қозғады.


Бесінші өлім: Алматыда 18 жастағы жігіт терезеден секіріп кетті

ERNUR.KZ. Желіде тағы бір алматылықтың көпқабаттың үйдің 16-қабатынан секіргені туралы ақпарат тарады. Полиция бұл фактіні растады, деп жазады Stan.kz.




Желі қолданушысының айтуынша, бала Таугүл шағынауданында Нархоз университетіне қарама-қарсы орналасқан үйдің терезесінен секірген.

“Балаларыңыздың телефондарын тексеріңіз, тіпті оған бұл ұнамаса да. Олардың қылықтары мен әрекетін қадағалаңыздар… Қазір мерт болған баланың жеке басы мен оның мекенжайы анықталып жатыр”, – деді алматылық тұрғын.



Полиция аталмыш жайт бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірақ оқиғаның мән-жайын әзірге мәлімдей алмады.

“Осы факті бойынша Әуезов аудандық ІІБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.