Бетінен ұрып, жүксалғышқа салып алған: Қазақстандық бұрынғы әйелін ұрлап кеткен

0
273

Абай облысының тұрғыны бұрынғы әйелін ұрлап кеткен.


Бетінен ұрып, жүксалғышқа салып алған: Қазақстандық бұрынғы әйелін ұрлап кеткен

ERNUR.KZ. Аталған дерекке қатысты іс Жарма ауданының сотында қаралды, деп жазады Stan.kz.



Қалбатау ауылында бұрынғы әйелімен жанжал кезінде ер адам оның телефонын сындырып, бетінен ұрған. Кейін күштеп жүксалғышқа салып, көлігімен алып кеткен.

Прокурор күдіктінің іс-әрекетін Қылмыстық кодекстің 125-бабы 1-бөлігі "Адам ұрлау" бойынша қарастыруды сұраған. Себебі жәбірленушінің өміріне қауіп төнбеген дейді. Өз кезегінде әйел бұрынғы күйеуін кешіретінін және соттан қатаң жаза тағайындамауды өтінген.

Ал күдікті істеген әрекеті үшн өкінетінін айтып, жазаға тартпауды сұрапты.

"Сот үкімімен Е. кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа деңгецйдегі түзеу мекемесінде өтейді", – делінген сот хабарламасында.